МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ
Мансап және кәсіптік бағдар беру жұмыс орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықтың МИССИЯСЫ - өмір бойы білім алу принципі бойынша студенттің, түлектің, маманның тиімді мансаптық жолын қалыптастыру және жүзеге асыру (Lifelong Learning), сонымен қатар университетке түсушілер арасында кәсіптік бағдар беру іс-шаралары.
Орталықтық қызмет Мақсаты:
-
Еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға көмек;
-
Еңбек нарығында талап етілетін білім алішылардың жеке дағдыларын (Soft Skills) дамыту;
-
Студенттің, түлектің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру;
-
Еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектің және маманның кәсіби шеберліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Орталықтың МІНДЕТТЕРІ:
-
Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық туралы, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы, сондай-ақ мамандарды мақсатты даярлау саласында шарттар жасасу;
-
Студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (мамандар Жәрмеңкелері, жұмыс беруші компанияларының презентациялары, қонақ дәрістер және т. б.);
-
Кәсіпорын мамандарының кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру үшін курстар мен семинарлар ұсыну;
-
Түлектердің мансабын қадағалау үшін байланысты орнату, қолдау және орнату;
-
Университет түлектеріне өздерінің мансаптық жоспарларын іске асыруға көмек көрсету;
-
Түлектердің кәсіби дағдылары мен іскерліктерін дамыту үшін, сондай-ақ олардың еңбек нарығына табысты бейімделуі үшін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру;
-
Еңбек нарығында сұранысқа ие білім алушылардың (Soft Skills) жеке құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша арнайы тренингтер, курстар, семинарлар және мастер-кластар ұйымдастыру және өткізу: компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, түйіндеме жазу және интервьюден өту бойынша кеңестер, қызметтің қандай да бір саласына психологиялық бағдарлау
-
Ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу;
-
Ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу;
-
Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
-
Еңбек нарығына зерттеу жүргізу және білім алушыларға нарықтың даму үрдістері, болжамдары және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат беру;
-
Еңбек нарығының қажеттілігін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға жәрдемдесу;
-
Мамандандыруды одан әрі таңдауға байланысты оқу траекториясын таңдауға көмек көрсету;
-
Өндірістік тәжірибеден өту орнын таңдауға жәрдемдесу.
Орталықтың Құрылымы